» » Ата-аналарға кеңес

 
 
 

Ата-аналарға кеңес

Автор: admin от 16-05-2016, 08:20, посмотрело: 787

0 Еуропа психологтарының анықтауынша, жастайынан жүгіріп далада топыраққа аунап, тізесінен жығылып, жарақат алмаған бала өскен кезде фобия секілді қорқыныштарға ие болады. Бала құлап, бірнеше рет жарақат алу арқылы өмірді түсінгендей болады, ал бозбала мен бойжеткен есеюі үшін алғашқы махаббаттың ащы дәмін татқан абзал.
 
1.     Нар тәуекел сезіміне шек қою

Мамандардың айтуы бойынша, біз балаларға нар тәуекел сезімін бастан    кешіруге мүмкіндік бермейміз. Олардың қауіпсіздігі бірінші орында деп, өмірдің қиындықтарынан сақтап қалуға тырысамыз. Бұл тәкаппарлық, өзін бағалай алмау сынды жағымсыз қасиеттердің өсіп шығуына жағдай жасайды.

 

2.   Тым жылдам көмектесеміз

Біз тым жылдам көмектесеміз балаға жылдам көмектесу арқылы өз бетімен ізденіп, қиын мәселелрді өзі ғана шешуі мүмкіндігінен айырамыз.

 

3.   Шамадан тыс мақтап жіберу

Сонымен қатар шамадан тыс мақтап жібереміз, бала жеңістің барлығына тиесілі екенін сезінеді арада уақыт өткен соң, бұлай ойлайтыны тек қана туғандары екенін түсініп, ата-анасына өтірік айтып бастайды, себебі оған мақтау сөз есту маңыздырақ.

 

4.   Кінәні сезіну маңызды

Кінәні сезіну арқылы жақсы қасиеттерін жасырып қояды. Бала шамадан тыс еркелігінің арқасында өмір жолында кезіктіретін қиындықтарды жеңе алмауы мүмкін. Сол себепті жастайынан «жоқ», «тек қазір емес» сынды сөздерді естіген жөн.

 

5.   Өзіміз жасаған қателіктерді мысалға келтіру

Біз оларға өзіміз жасаған қателіктерден бас тартуды үйрете алмаймыз. Жасөспірімнің қанат жайып, серпіліс жасағысы келетін уақыты туады. Үлкендер бұл әрекеттеріне мүмкіндік беруі керек. Дәл олардың жасында қандай қателіктер жасағаныңызды айтып беріңіз. Шылым шегу, ішімдік және анаша секілді ауызға алудан аулақ болыңыз.

 

6.   Білім мен ақылды шатастырмайық

Білім мен ақылды шатастырмайық, әдетте ата-аналар сабақты жақсы оқитын бала үлкен өмірге дайын деп есептейді. Бірақ бұл олай емес, білімді баланы барлық жағынан жақсы деп айту қиын. Сондықтан балаңызға ақылды болуды үйретіңіз.  Және де ең маңыздысы тәрбиені сөзімізбен ғана емес, ісімізбен де көрсете білуіміз керек. Олар үшін біз еліктеуге тұрарлық тұлғамыз, сондықтан да балалрға үлгі көрсете білумізді ұмытпайық.

 

 Шыр етіп дүниеге келген адамның құқығы ата-анасынан дұрыс, мейірімді тәрбие алу
                                                                                                                                                         К.Д.Ушинский

 

Тәлімді тәрбиенің 10 кілті:

 

1.    Тәрбиені ресми емес жағдайда жүргізіңіз.

 

2.    Аз сөйлеп, көп үлгі көрсетіңіз.

 

3.    Баланың қолынан келетін істерін жасауға мүмкіндік беріңіз.

 

4.    Бала ісіне үнемі араласуыңыздың аяғы не болатынын  ойлаңыз.

 

5.    Сіздің талабыңыз бен ережелеріңіз түсінікті әрі логикалық жағынан нақты болу керек.

 

6.    Жанжалдан қашыңыз.

 

7.    Кінә мен кінәліні араластырмаңыз.

 

8.    Мейірімді әрі табанды талапкер болыңыз.

 

9.    Сіздің сөзіңіз - бүгінге арналмайды, ертеңге, немерелеріңізге де арналатын  мәңгілік сөз екені есіңізде болсын.

 

10.  Айтқан уәдеңізді үнемі орындаңыз

Категория: Ата-аналарға

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.